Өзбекстанда Ислам Кәрімовтың отбасына қатысты тың деректер жарияланды.

Ислам Кәрімовтың отбасына қатысты тың деректерді Кәрімов атындағы қор жариялаған. Олар өздерінің Facebook парақшасына Ислам Кәрімов отбасының 1928 жылы түсірілген суретін жариялаған. Суретте Ислам Кәрімовтың 1894 жылы дүниеге келген әкесі Абдуғани-бобо мен 1902 жылғы анасы Санобарая және олардың үш баласы Мехринисо, Амонулло, Ибодулло бейнеленген.

Негізінен Ислам Кәрімовтың отбасында сегіз бала болған. Мехринисо атты бір қыз және Амонулло, Ибодулло, Арслан, Куддус, Икром, Ислам, Хуршид есімді жеті ұл.

Бұған дейін Ислам Кәрімов қайтыс болғаннан кейін халық арасында оның жетімдер үйінде өскендігі жайында ақпарат тараған болатын. Ал осыдан бір жыл бұрын Өзбекстанның тұңғыш президенті ресми сайты Кәрімовтың екі баласы емес үш баласы бар екендігі жайында материал жариялаған. Осыдан кейін оның қыздары Гүлнара мен Лоладан бөлек Петр есімді ұлы бар екендігі белгілі болған. Петр Кәрімов қазіргі таңда Ресейдің Мәскеу облысында тұрады.

“The Qazaq Times”