Германияның дәрігерлері босқындардың жасын анықтау үшін, оларды  медициналық тексерістерден өткізу туралы ұсынысқа қарсылық білдірді. Неміс медициналық қауымдастығы мұндай шаралар этикалық тұрғыда дұрыс еместігін жеткізді. Саясаткерлер соңғы кезде депортациядан жалтару үшін өздерін 18 жасқа толмаған азаматтар деп көрсететін босқындардың нақты жасын анықтау үшін оларды рентген сәулесі арқылы тексерістен өткізу сияқты шараларды міндетті түрде қолдануды ұсынған болатын. 

Бұл шаралар Германияның оңтүстік-батысында "15 жастағы қыз Ауғанстаннан келген босқынның қолынан өлтірілді" деген айыптардан кейін қолға алынбақ. Өзін дәл сол жастағы жасөспірім деп таныстырған күдіктінің сөзіне сенбеген құрбан болған қыздың әкесі: "Оның 15 жаста ғана болуы мүмкін емес" деген еді.

Германия канцлері Ангела Меркельдің одақтастары босқындардың көбі әлеуметтік көмек пен әртүрлі қолдау шараларына қол жеткізу үшін өздерін кәмелеттік жасқа толмағандар есебінде көрсететінін айтады. Сондықтан босқындардың шынайы жасын  анықтау  үшін олар рентген құрылғысы арқылы олардың сүйектерінің дамуын бағалау не тістерін өлшеу ұсынылып отыр.

Неміс медициналық қауымдастығының басшысы Франк Ульрих Монтгомери: "Бұл зерттеулер күрделі және қымбат. Барлық босқындарды медициналық тексерістен міндетті түрде  өткізу олардың құқықтарын бұзады", - деп мәлімдеді.

“The Qazaq Times”