Ресей баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді – деп хабарлайды ресейлік Интерфакс ақпарат агенттігі.
Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімет бойынша, 26 желтоқсан күні Тополь баллистикалық зымыраны сынақтан өткізілген. Зымыран Астрахань облысындағы Капустин Яр сынақ алаңынан ұшырылған. Тополь баллистикалық зымыранын сынақтан өткізудің басты мақсаты құрлықаралық зымырандардың ұшу қашықтығы мен қосалқы жабдықтарын тексеру болған.
Бұған дейін жергілікті БАҚ өкілдері қазан айының 26-сы күні Ресей Қарулы күштерінің бір күнде төрт бірдей құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін жарыса жазған болатын. Олардың үшеуі атом сүңгуір қайықтарынан, біреуі Плесецк сынақ алаңынан ұшырылған. Ал бұның алдында қыркүйек айының 18-і күні ұшырылған Ескендір-М зымыраны Қазақстан аумағындағы Мақат полигонына келіп құлаған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды