Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың қызы Шахноза Мирзиеева лауазымды қызметке тағайындалды.
«Озодлик» радиосының мәліметі бойынша, Шахноза Мирзиеева мектепке дейінгі білім беру министрлігіне қызметке тағайындалған. Әзірге оның қандай қызмет атқаратыныны белгісіз. Бірақ «Озодлик» радиосының білім министрлігіндегі ақпарат көзінің сөзінше, 31 жастағы Шахноза Мирзиеева білім саласын реформалауға жауапты лауазымды қызметтердің біріне тағайындалған.
Естеріңізге салайық, бұған дейін БАҚ беттерінде «президент әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне Шавкат Мирзиеевтың күйеубаласы Айбек Тұрсынов тағайындалды» деген ақпарат тараған болатын. Ал одан сәл ертеректе «Eltuz.com» сайты «Мирзиеевтің жеке оққағары өзінің туған күйеубаласы Отабек Умаров» деген материал жариялаған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды