Перу Үкіметі Пхеньянның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің талаптарын бұзып, ядролық қару сынамаларын өткізуден бас тартпағаны үшін Солтүстік Кореяның екі дипломатын елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Перу Үкіметінің ресми мәлімдемесінде бірінші хатшы Пак Мен Чоль мен үшінші хатшы Джи Хекқа "нон грата" дипломатиялық термині жарияланып, олардың Лимада қалуына заң жүзінде шектеу қойылғаны айтылады. Перудің Сыртқы Істер министрлігі Солтүстік Кореяға аталған шешімді хабарлап, қос бірдей дипломаттан Латын Америкасы мемлекетінен 15 күн ішінде кетуді талап еткен.
Нон грата - (лат. жағымсыз) дипломатиялық иммунитеті бар тұлғаларға қатысты қолданылатын, белгілі бір мемлекет Үкіметінің аталған азаматтың елде қалуына тыйым салу туралы шешімі. Әдетте бұл дипломатиялық шара бір мемлекеттің екінші бір елге қатысты наразылығын білдіру үшін жасалады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы