Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «АҚШ-та Рамзан Кадыровқа тең келетін адам жоқ» - деп мәлімдеді.

Бүгін Дмитрий Песков АҚШ Әділет министрлігінің Шешенстан президенті Рамзан Кадыровты «Магнитск тізіміне» енгізуіне байланысты журналистер алдында сөз сөйледі. Ол онда: «АҚШ Әділет министрлігінің Рамзан Кадыровты «Магнитск тізіміне» кіргізуі заңсыз. Біз АҚШ тарапының бұл қадамына міндетті түрде жауап береміз» -деді. Ол бұдан бөлек журналистердің «АҚШ-та Рамзан Кадыровқа кім тең келеді деп ойлайсыз?» - деген сұрағына: «Америкада оның деңгейіне жететін адам жоқ» - деп жауап берген.

Естеріңізге салайық, жақында АҚШ Әділет министрлігі Рамзан Кадыровты «Магнитск тізіміне» енгізіп, оған қарсы санкция жариялаған болатын.

“The Qazaq Times”