Қырғызстан 15 желтоқсаннан бастап Өзбекстанға электр энергиясын тасымалдай бастады.
«Өзбекэнерго» компаниясы таратқан мәлімет бойынша, Қырғызстан тарапы Өзбекстанға наурыз айына дейін сағатына 500 миллион кВт электр энергиясын тасымалдамақ. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш сағатына 3,7 миллион кВт құрайды. Қырғызстанның Өзбекстанға электр энергиясын тасымалдауға байланысты құжаттарға қазан айының 5-сі күні сол кездегі Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Ташкентке іс-сапары кезінде қол қойған.
Жалпы Өзбекстанның электр энергия желілері Қырғызстаннан бөлек, Қазақстан, Ресей және өзге де ТМД елдерімен байланысты. Мысалы: Ташкент жылу электр станциясы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы энергетикалық жүйелерді байланыстырып тұр.
Естеріңізге салайық, Қазақстан 2011 жылға дейін Қырғызстаннан жылына 77,23 миллион долларға 2,5 млн кВт электр энергиясын сатып алып келген. Бірақ бұл көрсеткіш жыл өткен сайын төмендеп, 2014 жылдан бастап керісінше Қазақстан Қырғызстанға электр энергиясын экспорттайтын болған.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?