Олимпиада чемпионы Александр Винокуров өз қарсыласына ақша беріп, оның жеңілісін сатып алған деген айыппен Бельгия сотының алдында жауапқа тартылатын болды. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Қазақстанға алтын медаль сыйлаған 44 жастағы спортшыға «ресейлік Александр Колобневқа 2010 жылы өткен Льеж-Бастонь-Льеж бір күндік веложарыста жеңілуі үшін 150 мың еуро көлемінде пара берген» деген кінә артылып отыр. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды.
Бельгия прокуроры Александр Винокуровтың соты 2018 жылдың 13 наруызында болатынын хабарлады. Онымен бірге қарсыласынан көп көлемде ақша алды деген айыппен Александр Колобнев та сотқа барады. Тергеу ісінің басталуына қос спортшының банктегі есепшоттары арасында 2010 жылдың шілде және желтоқсан айларында әуелі 50 мың, кейіннен 100 мың еуро аударылғаны туралы ақпарат негіз болып отыр.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр