Қазақстандық кәсіби велошабандоз Александр Винокуров пен ресейлік Александр Колобневке жарыста «өзара келісімге келді» деген айып тағылды.
Бельгия прокуратурасының шешімімен спортшылар сыбайлас жемқорлық бойынша айыпқа ілініп, қазақстандық велошабандоздың 100 мың еуросын тәркіленбек. Сонымен қатар, олар жарты жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Мәліметтерге сүйенсек, спортшылар 2010 жылы сәуірде Льеж-Бастонь-Льеж веложарысында өзара келісім жасасқан. Прокуратура Винокуров жарыста мәреге жетуі үшін Колобневтің өзін алға жібергені үшін оған 150 мың еуро көлемінде пара берген. Бұған спортшылардың өзара жазысқан хаттары, 2010 жылғы шілдеде 100 мың және 50 мың еуро ақша аударымы дәлел болып отыр.
Бельгиялық Льеж соты осы іске қатысты 8 қазанда отырыс өтіп, үкім шығарылатынын хабарлады.