 
                                    Дүйсенбі күні АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейли БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің "Дональд Трамптың Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындау туралы шешімін тоқтату туралы" резолюциясына вето қойды. Бұл - Хейлидің АҚШ-тың БҰҰ-дағы елшісі ретінде вето құқығын алғаш рет пайдалануы. АҚШ-тың Иерусалим дауына қатысты шешімін заңсыз деп табу туралы Мысыр ұсынған резолюцияны Американың жақын серіктестері Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония мен Украина да қолдады. Бұл туралы AFP ақпараттық агенттігі жазды.
Резолюцияда "Иерусалим қаласының статусы Палестина мен Израиль арасындағы келіссөздер негізінде шешілуі керек, онан бөлек бір жақты үшінші мемлекет тарапынан қабылданған шешімдер заңсыз болып есептеледі" делінген. Құжаттың қабылдануы үшін Кеңес мүшелерінің тоғыз мүшесі оны қолдап дауыс берсе жеткілікті. Дегенмен Қауіпсіздік кеңесінің 5 мүшесі: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция барлық дауыстарды жоққа шығарып, кез келген шешімнің қабылдануын тоқтататын вето құқығына ие.
"Ешкім де Америкаға елшіліктерін қайда орналастыру туралы нұсқаулықтар бере алмайды!", -деді Никки Хейли. АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі сондай-ақ кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімін "АҚШ-ты қорлау" деп атап, олардың бұл әрекеті ұмытылмайтынын жеткізді.
Израильдің Премьер-министрі Бендьямин Нетаньяху өзінің твиттер парақшасында: "Шындық жалғандықты түбінде жеңеді. Рахмет, Президент Трамп. Рахмет, Никки Хейли", - деп жазды. Палестиналықтар ветоға қатысты наразылық білдіріп, резолюцияны БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында қарауды талап етті. БҰҰ-ның 193-ші ассамблеясында қабылданған резолюяцияларға вето құқығы пайдаланылмайды.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау