Қытай Сыртқы істер министрлігі Иерусалим мәселесіне байланысты ұстанымдарын жария етіп, Ислам ынтымақтастық ұйымының шешімдеріне қолдау танытты. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Қытай Сыртқы істер министрі Уаң И өткен аптаның соңында Қытайдың осыған дейін Иерусалим мәселесіндегі ұстанымында тұратынын білдірген болатын. Бір күн бұрын Бейжіңде өткен баспасөз мәслихаты кезінде Қытай СІМ мәлімдемешісі Лу Каң, Қытай тарабы палестиналықтардың өз құқықтарын қорғауына қолдау білдіретінін, 1967 жылғы шекара негізінде Шығыс Иерусалимді астана еткен тәуелсіз Палестинаның құрылуын құптайтындарын жеткізген.
Сонымен бірге Қытай СІМ-і Израиль мен Палестина арасында бейбітшілік келіссөздері барынша тез жүзеге асып, болуы мүмкін дағдарыстың алдын алуын үміт еткен.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі