Оңтүстік Корея «Ионхап» ақпараттық агенттігінің хабарында, сол елдің қорғаныс министрі Хан Минкиу мәлімдеме жасап, «Сад» зымыранға қарсы жүйесінің әскери істер тұрғысынан артиллериялық қару саналатынын, көрші елдер оны асыра бағалап отырғанын жеткізді. Бұл Қытай мен Оңтүстік Корея арасындағы ең күрделі қайшылықтардың бірі болып саналады. Жақында Оңтүстік Корея президенті Қытайға ресми сапарын бастамақ. Қытай ақпарат құралдары Корея қорғаныс министрінің аталған пікірін жарыса талдауда. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Парламенттің мақұлдауынсыз «Сад» әуе қорғаныс құрылғысын орнатқан үкіметтің шешіміне қарсы депутаттарға, бүгін түстен бұрын Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Хан Минкиу жауап берді. Ол сөзінде: «Әскери тұрғыдан алғанда, «Thaad» артиллериялық құрал. Ал, көрші елдер болса «Сад» жүйесі туралы асыра айтып, осы туралы даудың өршітті. Үкіметіміз ішкі құқықтық мәселелерді қарастырды, сондықтан Парламенттің мақұлдауын күтудің қажеті жоқ», – деді.
Мәлімдемеден кейін Хан Минкиуден «Сад» жүйесінің туғызатын зияны туралы сұрағанда, ол: «АҚШ-тың әскери қызметкерлері аталған жүйенің қоршаған ортаға әсерін бағалауды және басқа деректерді модельдеу сынақтарын өткізді, оның зияндылығын жіңішкелікпен бағалап шыққан», – деп жауап берді.
«Сад» жүйесінің орнатылуына Қытайдың қарсылығы Оңтүстік Кореяның Парламенті мен үкіметі арасында көп даулы пікірлер туғызды. Қытай «Сад» жүйесінің Корей түбегіне орнатылуы Қытайдың стратегиялық қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп қарады. Сонымен бірге оппозициялық партиялардың да қарсы пікірін күшейтті. Осыдан бұрын Оңтүстік Корея қорғаныс министрі: «Сад» жүйесін қолдану мен қолданбауды Оңтүстік Кореяның өзі шешеші, бұған көрші мемлекеттердің араласу құқығы жоқ», – деген пікірін айтқан. Бұл Қытай медиаларының күшті сынына ұшыраған еді.