 
                                    Венесуэланың мемлекет басшысы Николас Мадуро келер жылы елде өтетін президенттік сайлауға оппозициялық партиялар қатыса алмайтынын хабарлады. Ол 2018 жылы болатын саяси додада жексенбі күні өткен әкімдердің (мэр) сайлауына қатысқан партиялар ғана бақ сынай алатынын жеткізді. Аптаның соңғы күні болған әкімдердің сайлауына Justice First, Popular Will and Democratic Action партиялары сайлаудың әділетсіз өтетіні туралы алдын ала мәлімдеме жасап, саяси оқиғаның ортасында болудан бас тартқан болатын. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Президент өз сөзінде Венесуэладағы жүйе сенімді әрі әділетті екенін айтты. Ол сондай-ақ елдегі оппозициялық партиялар саяси картадан жоғалып кеткенін атап өтті. Венесуэладағы үш негізгі оппозициялық партия 300-ге жуық қалада өткен әкімдіктердің сайлауына қатысудан қазан айында бас тартқан еді. Олар сайлаудың Николас Мадуроның диктаторлығына қызмет ететінін айтқан. Ел билігіне наразы оппозиционерлердің пікірінше, бұл сайлауда да Венесуэладағы экономикалық жағдайдың күрделеніп жатқанына қарамастан, Николас Мадуро басшылық ететін Әлеуметтік партия басым орындарға ие болады.
Николас Мадуро мен Оппозиция арасындағы келіспеушіліктер Президент көпшіліктің қарсылығын ескерместен өз қолдаушыларының басым бөлігі жиналған Ұлттық Ассамблея институтын құрған сәттен басталды. ВВС-дің Латын Америкасындағы тілшісінің хабарлауынша, Николас Мадуро Оппозицияның бірқатар белді мүшелерін абақтыға жапқан. Оның келер жылы оппозицияны президент сайлауына қатыстырмау туралы шешімі үлкен провокациялық дауға айналғалы тұр.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау