Осыдан бұрын Франция президенті Эммануэль Макрон Африка сапары кезінде жасаған мәлімдемесінде, алдағы уақытта Африкада француз тілі бірінші тіл болатынын, тіпті әлемдегі ең ауқымды тіл болатынын айтқан. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады.
Франция президенті аталған мәлімдемесін Буркина-Фасодағы Уагадугу университетінде жасаған. Ол Африкада ағылшын тілін қолданудың болашағы жоқ екенін алға тартқан. Ол және аталған құрлықта француз тілінің болашағы зор екенін, француз тілінің тартымдылығы мен оған деген қызығушылық тек Францияға тиесілі болмауы керек деген ойын ортаға салған. Ол сөзінің соңында: «Біз бірлікте құлшынып, бұл арманды жүзеге асырайық!», – деген.
Франция президенті Макронның бұл мәлімдемесі британдық БАҚ пен әлеуметтік желілерде күшті талқыға салынды. Кейбір пікірлер бұл сөзге келіссе, қарсы шыққандары да болған.