Татарстан президенті Рүстем Минниханов не себепті татар тілін оқу керектігін түсіндірді.
Татарстан басшысы Рүстем Минниханов медиаклуб отырысында татар тілінің қазіргі жағдайы жайында сөз сөйлеген. Ол онда: «Тіл үйренгісі келетін адам өзіне ыңғайлы методиканы таңдауы тиіс. Бірінші ауызекі тілді үйренуі қажет. Әдеби тілді үйрену үлкен еңбекті талап етеді. Оны үйрену аса бір маңызды дүние деп ойламаймын. Ең бастысы біз бір-бірімізді түсінсек болды. Мен Қазақстанға немесе Өзбекстанға барғанда татар тілінде сөйлесем мені қазақтар мен өзбектер жақсы түсінеді. Татар тілін үйренуге татарлардың өздері белсенділік танытуы тиіс» - деген.
Қазіргі таңда Татарстанда татар тілінің мәселесі өте өзекті. Себебі Татарстан жастарының басым көпшілігі өзінің ана тілінде емес орыс тілінде сөйлейді. Ел зиялылары бұл болашақта татар тілінің жойылып кетуіне алып келуі мүмкін деп алаңдайды. Татарстан халқы Қазақстанның латын әліпбиіне көшуін де қызу талқылаған. Олардың ойынша, егер де Қазақ халқы латын әліпбиіне көшетін болса, онда екі ел арасындағы мәдени және рухани байланыс үзіліп қалуы мүмкін.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды