Грузияның бұрынғы басшысы Михаил Саакашвили Киевте тұтқындалды. Бұл туралы ақпарат әуелі саясаткердің фейсбук парақшасында жарияланып, кейіннен Украинаның Бас Прокурорымен расталды. Ол осыдан бірнеше күн бұрын өз үйінде тұтқындалған жерінен өз қолдаушыларының көмегімен полицияның қолынан босап кеткен болатын. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды. 

Михаил Саакашвили Украинаның бұрынғы Президенті Виктор Януковичпен байланысы бар қылмыстық топтан қаржы алған деген айыппен жауапқа тартылмақ. Сейсенбі күні өз үйінде полицияның қолына түскен оны қолдауға жиналған халық үлкен қарсылық көрсетіп, босатып алған еді. Осыдан кейін Үкімет Михаил Саакашвилиге құқық қорғау қызметкерлерінің қолына өз еркімен берілуге сағат берген болатын.

Ресеймен астыртын байланысы бар деген күдікпен абақтыға жабылып отырған Михаил Саакашвилиге қарсы айыптаушы прокурорлар оның кінәсін дәлелдейтін аудио және бейне жазбалар бар екенін айтады. Украина Соты Михаил Саакашвилиді 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруы немесе жемқорлық істеріне қатысы бар деген айыппен іздеуде жүруіне байланысты,   Украинадан өзі  10 жыл бойы Президент қызметінде болған Грузияға экстрадициялау туралы шешім шығаруы мүмкін.

“The Qazaq Times”