Ресей президенті Владимир Путин осыдан бір күн бұрынғы сөзінде: «Сүриядағы террорлық ұйым «Ислам мемлекеті» толықтай жеңіліс тапты», – деді. РФ президенті сөзінде Ресей қарулы күштерінің бұл жеңістегі рөлі зор екенін де алға тартқан. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты мәлімдеді.
Владимир Путин сөзінде: «Евфраттың екі жағалауындағы соғыстың бәрі «Ислам Мемлекеті» террорлық тобының жеңілісімен аяқталды. Әрине, кездейсоқ кедергілердің болуы мүмкін. Бірақ, Сүрия аумағында операциялық миссия аяқталды», – деді.
РФ Қарулы Күштері штабының бастығы Валерий Герасимов президент Путиннің сөзін растап, Сүриядағы «ИМ» күштерінің соңғы бекінісі 6 желтоқсанда тазартылғанын мәлімдеді. Дейр-Әззордағы соңғы бекіністің талқандалуымен сол елдегі «ИМ» күштері барлық филиалдары жойылғанын айтты.
Путин сөзінде: «Біздің келесі қадам – Сүриядағы қанды қақтығыстарды тоқтатуға көмектесу, саяси реттеу процесін ынталандыру. Бірақ, бұл қызмет ауқымды әрі ұзаққа созылуы мүмкін»,– деді.
Айта кетелік, 2016 жылдың бас шенінен тартып, БҰҰ-ның басшылығымен Сүрия үкіметі мен оппозиция күштері Женевада 7 дүркін кездесу өткізді. Кездесулерде жетістіктер де болды, дағдарыстар да болды. Келіссөздердің жаңа кезеңі 28 қарашада басталған еді. Бастапқыда Сириядағы негізгі оппозициялық топтардың ортақ делегациясын қалыптастыру үшін күштерін біріктірген еді, бірақ қазірге дейін ешқандай оңды нәтиже байқалмады.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы