«Өзбекстан – Қырғызстан – Қытай» бағытындағы темір жол торабын салуға байланысты үкіметаралық келісімге 2018 жылдың жазында қол қойылады – деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан ақпарат агенттігі.
Бүгін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев «Өзбекстан – Қырғызстан – Қытай» бағытындағы темір жол құрылысына байланысыты бұйырыққа қол қойды. Онда 2018 жылдың бірінші тоқсанында Ташкент қаласында аталмыш жобаға байланысты үш жақты мәжіліс отырысын өткізу мен үстіміздегі жылдың жаз айында үкіметаралық келісімді дайындау және қабылдау жоспары көрсетілген. Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев аталмыш бұйрығында Өзбекстанның ифрақұрылымын жетілдіру және 2018-2022 жылдар аралығында сыртқы саудадағы жүк тасымалын әртараптандыру бағдарламасын бектікен.
Бұған дейін Шавкат Мирзиеев Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитінде:«Өзбекстан – Қырғызстан – Қытай» бағытындағы темір жол торабының салынуы қысқа уақыт аралығында ұйымға мүше елдерге әлемдік нарыққа шығуға мүмкіндік береді» деп мәлімдеген.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды