АҚШ спортшыларының Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысу, қатыспауы әлі белгісіз –деп мәлімдеді АҚШ-тың Біріккен Ұлттар Ұйымындағы тұрақты өкілі Никки Хейли.
Никки Хейлидің сөзінше, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына АҚШ спортшыларының қатысу, қатыспауы Корей түбегіндегі жағдайларға байланысты. Дегенмен де Ақ үй Америка спортшыларының қауіпсіздігі үшін бар күш-қуатын пайдаланады. Бұл спортшылар үшін өте үлкен мүмкіндік. Олар осы арқылы қиындықтарды жеңуді үйренеді.
Қазіргі таңда Корея түбегіндегі саяси жағдай тұрақты емес. АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы кикілжің уақыт өткен сайын ушығуда. Солтүстік Корея АҚШ пен Біріккен Ұлттар Ұйымының қарсылығына қарамастан өзінің баллистикалық зымырандарын сынақтан өткізуін жалғастыруда.
Жалпы, 2018 жылы Оңтүстік Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындары ел есінде ең даулы Олимпиада болып қалатыны сөзсіз. Себебі жақында Халықаралық Олимпиада комитеті өз тарихында бұрын соңды болмаған шешім шығарған. Ол Ресей құрамасын 2014 жылғы допинг дауына байланысты «Пхенчхан-2018 қысқы Олимпиада ойындарынан» шеттеткен. ХОК шешімі бойынша, ресейлік спортшылар Оңтүстік Кореяға тек бейтарап құрама ретінде ғана бара алады.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр