Қытайдың Солтүстік Кореямен шекараласатын провинциясының ресми басылымдары күшті ядролық жарылыс болған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер беруде. Бұл туралы «The New York Times» басылымы хабарлады.
АҚШ пен Оңтүстік Кореяның бірлескен оқу жаттығуы кезінде, Солтүстік Кореямен шекараласатын Қытайдың Жилин провинциясының ресми басылымы «Жилин Рыбау» (Jilin Ribao/吉林日报) басылымы аймақтағы тұрғындарға ядролық жарылыс болған жағдайда не істеу керектігі туралы кеңестер беруде.
Осыдан бұрын АҚШ президенті Солтүстік Корея өзінің ядролық және зымыран бағдарламаларынан бас тартпайтын болса, қауіптің алдын алу шараларын жасайтынын бірнеше рет мәлімдеген болатын. Дегенмен, нақты қандай қадамдарға баратынын айтпаған. Бір апта бұрын Гавайидағы «Қырғи қабақ соғысы» кезіндегі соғыс ескерту жүйесі қалпына келтірілді. Бұл жүйенің қалпына келтірілуі тұрғындарды ядролық соғыс қаупінен алаңдатуда.
«Jilin Ribao» басылымы жарияланған мақалада радиоактивті ластанудың әсерін азайтудың әртүрлі жолдарын қарастырады. Онда осыған дейінгі радиоактивті ластанудан сақтану туралы АҚШ-тағы және өзге елдердегі тәжірибелерді де алға тартқан. Радиоактивті сәулелер мен шаңнан қорғанатын киімдерді кию және залалсыздандыру жолдары да түсіндірілген.
Солтүстік Корея мен АҚШ және оның одақтас елдері арасындағы әскери әрекеттер мен түрлі шаралардың салмағы артқан сайын, өңірдегі тұрғындар туылуы мүмкін ядролық соғыстың қауіпіне алаңдаушылық білдірген.