АҚШ Президент Дональд Трамп Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялады. Ол АҚШ-тың елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру туралы шешім қабылдайды деп күтілуде. Израиль жаңашылдықты жылы қабылдады, ал Араб басшылары мен Палестина бұл әрекет мұсылмандарға қатысты жасалған ең үлкен провокация деп отыр. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Израиль Иерусалимді өзінің астанасы деп қарастырғанымен, Палестина қаланың шығыс бөлігін болашақ Палестина мемлекетінің орталығы деп белгілеген болатын. АҚШ Изриаль құрылған 1948 жылдан бері Иерусалимді Израильдің астанасы деп мойындаған алғашқы мемлекет болып отыр.
Иерусалимнің палестиндықтар өздерінің иелігі санайтын шығыс бөлігінде үш дінге де қатысты қасиетті орындар көп кездеседі. АҚШ өкілі бқл мәселе шекара сызығы мен қасиетті орындардың сақталуына кері әсер етпейді деп отыр.
Израиль мен Палестина арасындағы 1993 жылғы келісімде қаланың мәртебесі келешектегі соңғы келіссөздер кезінде анықталады деп көрсетілген. Израиль 1967 жылы қаланы шығыс бөлігін Иорданиядан аннекциялап алғаннан кейін, онда бірқатар иеліктер салған. Қазір онда 200 мыңға жуық еврей тұрады. Халықаралық құқық бойынша бұл иеліктер заңсыз саналғанымен, АҚШ-тың мәлімдемесі үлкен қолдау болуы мүмкін.