Биылғы Оскар сыйлығына әлемге кең танылған La La Land фильмі ұсынылды.  Бұл туралы BBC.com  жаңалықтар қызметі хабарлайды. Заманауаи музыкалық романтика киномандардың көңілінен шықты деуімізге негіз бар. Сондай-ақ,  олар (киномандар) фильмде ойнаған  Эмма Стоун мен Райан Гослинг номинанттар қатарында болады деп болжам жасауда. 

Оқырмандардың назарына біз сөз етіп отырған La La Land фильмі жайлы ақпараттарды ұсынғанды жөн санадық.

«Ла-Ла Ленд» — Демиен Шазелл түсірген америкалық трагикомедия жанрындағы мюзикл фильмі.Фильм Лос-Анджелестегі жас актрисаға ғашық болған джаз пианошы туралы баяндайды. Лентаның әлемдік премьерасы 2016 жылдың 31 тамыз күні Венециан халықаралық фестивалінде өткізіліп, сол фестивальдің ашылу фильмі ретінде көрсетілді. Ал Қазақстандағы премьерасы — 2017 жылдың 12 қаңтар өтті. Бұл фильмді көргендердің барлығы жоғары баға беруде. Продюсер, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да  Массагетке жариялаған  фильм жайлы жазбасында былай делінген: "Ла-ла лендтен» режиссерлік шеберліктің шыңын көрдім. Әр бөлігінің бөлшегіне дейін, әрбір қимыл дәлдікпен өлешеніп-пішілген. Флешмобты 100-ден аса көлікпен жол бойындағы кептелісте орындау – керемет көрініс. Киім, стиль, би – бәрі-бәрі жарасымды. Кемшілік таппайсыз. Анайы картиналардан ада. Күлкі де бар".

Оскар сыйлығына ұсынылатын тағы басқа да фильмдер бар. Олар: Қара нәсілді адамның Майамидегі қызықты оқиғалары туралы түсірілген Moonlight фильмі;  психологиялық Manchester By The Sea фильмі және ғылыми-фантастикалық  Arrival фильмі.

Натали Портман. АҚШ президенті Д.Кеннедидің жұбайы рөлінде. Фото: BBC.com

Ең үздік әйел рөліне берілетін Оскарға Manchester By The Sea фильмінің басты рөлін сомдаған Натали Портман мен La La Land фильмінің актрисасы Эмма Стоун  ұсынылған. Ал актер номинациясына дәл осы фильмдердегі басты рөлді сомдаған Дензел Уашингтон мен Райан Гослингті ұсынған.

Сонымен қатар, Оскарға ұсынылған бірнеше адамдарды оқырман назарына ұсынамыз:

Дензел Уашингтон. 2 жыл қатарынан "Ең үздік актер" номинациясын алған.Оскар сыйлығына үшінші рет ұсынылды. Фото: bbc.com

2017 жылғы Оскар сыйлығының номинанттарының  қатарында: Д.Уашингтон (Fences), Виола Дэвис (Fences), Наоми Харрис (Moonlight), Махершалалхашбаз Али  (Moonlight) және Октавия Спенсер (Hidden Figures) бар.

Наоми Харрис - Британдық актриса. Фото: bbc.com

Наоми Харрис – Оскарға қатысатын Британиядағы үздік актрисалардың бірегейі. Бұл елден  аталмыш фильм бәйгесіне Андрю Гарфилд (Hacksaw Ridge/Silence), Аарон Тайлор-Жонсон (Nocturnal Animals), Дев Пател  (Lion) және Хуг Грант (Florence Foster Jenkins) қатысады.

Deadpool "Ең үздік кинокартина" номинациясына ұсынылды. Фото: bbc.com

Киносыншылардың айтуынша, Дэдпул фильмі ең үздік кинокартина атануға лайықты. Себебі, бұл кино Golden Globes (Алтын глобус) және  Producers Guild of America Awards наминациясына ұсынылған.

Оскар  - Америкада жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін, киноиндустрияға қосқан үлесі үшін берілетін  "премия". Осы Оскардың төңірегінде дау-дамай да, әңгіме де көп. Дегенмен, шын жүйріктер мен мықты кинокартиналарды анықтайды. Қазіргі таңда  қазақ киносы жаңа бетбұрыстар жасап, шет елге прокатқа беруге тұрарлық, көрерменнің көңілінен шығып жүрген кинолармен толықты. Бізден Ла-ла Лэнд сияқты кино шайқпайды емес, шығады. Отандық өнімдерімізді Оскар сияқты әлемдік жобаларға ұсынатын күн де келеді әлі. Тілекші болайық. Отандық өнімді қолдайық.

“The Qazaq Times”