2017 жылғы қаңтар-қарашада Қазақстан Республикасында инфляция 6,3%-ды құрады. Баға азық-түлік тауарларына осы жылғы он бір айда (2017жылғы қараша мен 2016жылғы желтоқсан аралығы) 5,3%, азық-түлік емес тауарларына - 8,4%, ақылы қызметтерге - 5,6%-ға өскен.
Статистика комитетінің мәліметінше, осы жылдың басынан бері баға картопқа 28,5%, пиязға - 27,8%, сәбізге - 20,8%, алмаға - 14,8% сиір етіне - 14,2%, қой етіне - 13,5%, консервіленген сүтке - 10,8%, сары майға - 10,2%, кондитерлік өнімдерге - 9,5%, мәйекті ірімшікке - 9,4%, сүзбеге - 8,9%, жылқы етіне - 8,5%-ға көтерілген.
Баға қызанаққа - 37,4%, қиярға - 37,2%, қарақұмық жармасына - 26,7%, сарымсаққа - 26,1%, жұмыртқаға - 18,6%, қантқа - 17,7%, күнбағыс майына - 9,5%, қырыққабатқа - 8,4%, тәтті бұрышқа - 3,4%-ға арзандаған.
Баға өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 9,6%-ға, шыны және қыштан жасалған өнімдерге - 8,5%, автомобильдерге - 8,4%, кітаптарға - 7,5%, киім және аяқ киімге - 7,2%, тоқыма бұйымдарына - 6,1%, фармацевтикалық өнімдерге - 5,8%-ға жоғарылаған.
Дизель отыны 31,1%, бензин - 19,1%, тас көмір - 16%, баллондағы сұйытылған газ - 7,8%-ға қымбаттады.
Баға деңгейі денсаулық сақтау саласында 7,6%, құқық қызметтері - 7%, көлiк құралдарын сақтандыру - 6,8%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы - 6,7%, қоғамдық тамақтандыру - 4,5%-ға өсті.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер ыстық суға 14,9%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 10,6%, орталықтан жылытуға - 9,6%, кәрізге - 9,1%, тұрғын үйді күтіп ұстауға - 6,8%, суық суға - 5,1%, электр энергиясына - 5%-ға жоғарылады.