Бішкек қаласында Қазақстанда Бакиев жайында көрсетілген деректі фильмге байланысты қарсылық шарасы өтті.
Қарсылық шарасын өткізген «Айкол Ала-Тоо» қоғамдық бірлестігінің белсенділері Құрманбек Бакиевке арналған іш киімдерді Қазақстан елшілігіне алып келген. Олардың бұлай істеуіне 29 қараша күні «Хабар» телеарнасында көрсетілген «Миссия миротворца кыргызский розлом» деректі фильмі себеп болған. Онда Құрманбек Бакиев 2010 жылы Қырғызстанда болған жағдайлар жайында айтқан. Қарсылық акциясын ұйымдастырушылардың ойынша, қазақстандық телеарна 2010 жылыҚырғызстанда болған жағдайларды бұрмалап көрсеткен.
Естеріңізге салайық, қазіргі таңда Құрманбек Бакиев Беларусь астанасы Минск қаласында тұрады. Оны 2016 жылы Қырғызстан соты сырттай 30 жылға соттаған.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды