Алматы қаласындағы Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілетін болды.
Қараша айының 30-ы күні Алматы қалалық мәслихат отырысында қалалық ономастикалық комиссия мен республикалық ономастикалық комиссия келісімі бойынша, ел үкіметі Алматы қаласының басты көшелерінің біріне Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беруге шешім шығарған.
Осыған байланысты Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек мәслихат отрысында сөйлеген сөзінде: «Қалалық ономастикалық комиссияға шаһарда бірнеше рет қайталанған 112 көшенің атын өзгерту туралы ұсыныс жасалды. Аталмыш көшелердің аты өзгеретін болғаннан кейін, қала тұрғындары, зиялы қауым өкілдері, жеке тұлғалар, жастар, қаланың басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атымен атауды сұрап өтініш жасады» - деген.
Бірақ бұл Алматы қаласы халқы үшін аса үлкен жаңалық емес. Өйткені шаһар тұрғындары арасында осында бірнеше жыл бұрын Фурманов көшесіне Назарбаевтың атын береді екен деген алыпқашпа әңгіме тараған болатын.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды