Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-тың активтері үшін «АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар» мандаты бойынша сыртқы басқарушыларды таңдау жөнінде тендер жариялады. Бұл туралы банктің ресми сайтында хабарланды.
"АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар" мандатының этолонды портфелі The ICE Bank of America Merrill Lynch Q980 Custom Index (Блумберг тикер: Q980) бола алады. Мандаттың болжалды көлемі 250−300 млн АҚШ долларын құрайды», — делінген сыртқы басқару мандатына қатысты сипаттамада.
Тендер бойынша өтініш беру мерзімі 2017 жылдың 29 желтоқсанында аяқталады.
Зейнетақы активтерін сырттай басқарушы болғысы келетіндердің облигацияларды басқару бойынша кемінде 10 жыл, "АҚШ долларымен номинирленген инвестициялық деңгейі жоғары капиталдандырылған жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша 5 жылдық жұмыс тәжірибесі болу керек немесе жаһандық мандатты қамтуы 75%-дан кем болмауы тиіс.
Сондай-ақ, сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің жалпы активтері мен консультациялық қызметтер бойынша 25 млрд АҚШ доллары (немесе басқа валютада) болуы қажет.












                                                        





                                        Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
                                    
                                        ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
                                    
                                        Бішкекте кәсіпкерлер жаңа салық ережелеріне қарсы акция өткізді
                                    
                                        Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
                                    
                                        Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті
                                    
                                        Екібастұзда жылу желісіндегі ақауға "станция қызметкерінің қателігі" себеп болғаны айтылды