АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсон Ресейдің көрші мемлекетке қатысты көрсетіп отырған агрессиясын қолдамайтынын тағы да қайталап, Америка Еуроодақ елдерін Мәскеудің газына тәуелділіктен құтқаруға көмектесетінін жеткізді. Келесі аптада Брюссельдеөтетін НАТО-ға мүше мемлекеттердің министрлерінің бас қосуы және Вена қаласында Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының жиынында Ресейдің агрессиялық саясаты күн тәртібіндегі басты тақырып болмақ.
Дональд Трамптың билікке келген кезде Мәскеумен қарым-қатынасын ретке келтіруге жасаған қадамдары сәтсіз аяқталды. Рекс Тиллерсон Ресейге қарсы енгізілген санкцияларын Мәскеу өзінің сыртқы саясатын өзгертпейінше, сақталатынын хабарлады. Ол өз сөзінде: "Ресей Еуропадағы үлкен мемлекеттің (Украина) тыныштығын бұзды. Ендігі мақсат Ресей Үкіметіне біздің халықаралық нормалардың бұзылуына көз жұмып қарап отырмайтынымызды көрсету", - деді.
Рекс Тиллерсон мемлекеттік хатшы қызметіне кіріспес бұрын, ExxonMobil компаниясының төрағасы болғаны белгілі. Ол кезде Ресеймен кәсіпкерлік байланыстар мен инвестициялық келісімдерге қызығушылық білдірген Тиллерсон Мәскеуге қарсы санкция енгізуге толықтай қарсы болған еді.
Мемлекеттік хатшы Халықаралық Вудро Вильсон орталығында сөйлеген сөзінде "Соңғы оқиғалар энергоресурстарды саяси қару есебінде пайдалануға болатынын көрсетті" дей келе, АҚШ Грекия, Болгария, Хорватия және Польшаның қатысуымен газ құбырларын салу жобасына қолдау көрсететінін айтты.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр