Бір жыл ішінде қой етінің бөлшек бағасы 14%-ға өскен және қазан айында 1362 теңгені құрады. Ал сиыр етінің килограмы орташа есеппен 1195,5 теңгеге бағаланған. 2017 жылдың 2 тоқсанында ет өнімдерін сатып алуға жалпы шығындардың 14,2%-ы жұмсалған немесе 65 300 теңгені құраған.
Дегенмен қазақстандықтардың ет және ет өнімдерін тұтыну 2017 жылдың екінші тоқсанында халықтың жан басына шаққанда 1,6%-ға қысқарып, 17,5 кг болған.
Әсіресе халық қой етін сатып алуды азайтқан. Еттің бұл түрін тұтыну 10,9%-ға қысқаған және 2017 жылдың 2 тоқсанында жан басына шаққандағы көлемі бар болғаны 1,6 килограмды құрады.
Ал ең арзан қой еті қай қалада сатылатынына келер болсақ, ең төменгі баға Орал қаласында - килограмы 1100 теңге. Бір жылдағы өсім 7,8%-ды (80 теңге) құрады. Екінші орында Ақтөбе - 1141 теңге, жыл басынан бері баға 11,1%-ға өскен (114 теңге). Өскеменде 1 килограм қой етін 1156 теңгеге сатып алуға болады. Бұл қалада баға 14,3%-ға өскен (145 теңге).
Ең жоғарғы баға Астанада -1722 теңге, Алматыда – 1656 теңге, Ақтауда – 1448 теңге. Қой еті ең көп қымбаттаған өңірлер: Алматы (324 теңгеге қымбат), Шымкент (269 теңге) Астана (235 теңге).
Айта кетейік, соңғы кездері қазақстандықтардың тауарларды тұтыну қабілеті айтарлықтай төмендеген. Ал бұл елдегі экономикалық ахуалдың төмен екенін және инфляция деңгейінің жоғары екенін көрсетеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді