Алматы облысында құрылған кооперативтер өз жемісін бере бастады. Бірігіп жұмыс істеудің тиімділігін түсінген ауыл тұрғындары ет комбинатына бордақыланған малының алғашқы легін өткізіп жатыр. Жалпы өңірде ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы 11 өндірістік кооператив құрылды. Нәтижесінде 300-ге жуық қосалқы шаруашылық бірікті.

Кооператив төрағасы Байасыл Ақбасовтың айтуынша : "Ет бағасы Алматыға 1200-1250 теңгемен жіберіледі. Ет комбинатында арнайы мал дәрігерлік зертхана да бар. Сояр алдын бір, сойған соң тағы бір тексереді. Мал дәрігері арнайы мөрін басып, еттің жарамдығын растайды. Қабылданған еттің бір бөлігі саудаға шығарылса, бір бөлігі шұжыққа жөнелтіледі. Комбинат қазір 10-ға жуық шұжық түрін өндіре бастады. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры былтыр тек Алматы облысында 2,4 млрд теңге бөлініп, 16 мың бас мал сатып алынды. 700 бордақылау алаңы ашылды. Қаржы институты қосалқы  шаруашылықтарды ірілендіру жұмысын биыл да жалғастырмақ".

Алматы облысында нәтижелі жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 3 млрд 200 млн теңге қарастырған және қор өз қаржысы есебінен Алматы облысына 1 млрд теңге ақша қарастырып отыр. Яғни жыл соңына дейін 20-30 кооператив құруға мүмкіндік бар.

“The Qazaq Times”