Зимбабвенің экс-президенті Роберт Мугабенің өмірінің соңына дейін ел бюджетінен қанша қаржы алып тұратыны белгілі болды.
The Guardian басылымының мәліметінше, Мугабеге биліктен өз еркімен кеткені үшін ел бюджетінен 10 миллион доллар беріледі және өмірінің соңына дейін ай сайын 150 мың доллар жалақы төленеді. Бұдан бөлек Роберт Мугабенің әйелі Грейске де ел бюджетінен қаржы бөлу қарастырылған. Бірақ оның соммасы қандай болатыны әзірге белгісіз.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Роберт Мугабе мен оның отбасы мүшелеріне ерекше мәртебе берілген болатын. Заң бойынша, Мугабе биліктен кеткенен кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғауға тыйым салынған. Осыған ұқсас ерекше мәртебеге Орталық Азия елдерінің ішінде Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев пен Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ие.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды