Иран Революциялық гвардиясы қолбасшысының орынбасары осы уақытқа дейін мемлекет баллистикалық зымырандардың қашықтығын 2 мың км-ге дейін шектеп келгенін, дегенмен Еуропа қауіп төндірген жағдайда ядролық қару әлеуетін арттыратынын жеткізді. Жуырда Франция Президенті Эммануэль Макрон Иранды ядролық қару бойынша келіссөздерге шақырған болатын. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
2015 жылы әлемнің алпауыт елдерімен ядролық келісімге келген Иран АҚШ тарапынан ядролық қарудан толықтай бас тарту туралы талапты бұрыннан естіп келеді. Иран ядролық қаруды дамыту өз қорғанысын қамтамасыз ету мақсатында ғана екенін мәлімдегенімен, АҚШ оған қарсы санкциялар енгізуін тоқтатар емес.
Генерал Хоссейн Салами: "Бі осы уақытқа дейін 2 мың км қашықтықты еңсеретін зымырандармен шектеліп келгеніміз технологиялық мүмкіндігіміздің жетпегендігінен емес. Біздің әлеуетіміз одан да мықты зымыран құрастыруға жетеді. Еуропа біз үшін қауіпті екенін сезінген күні біз ядролық қаруды дамыту бағытын қайта қарастырамыз", -деді.
Генерал-майор Мұхаммед Әли Жафари: "2 мың км-дың өзі осы өңірдегі бірқатар АҚШ-тың қызығушылығы мен мүддесіне кіретін нүктелерді қамти алады" деп астарлай сөйледі. Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы мен АҚШ Иранды Йемендегі Хаути басқыншылары Эр-Риядқа қарсы атқан баллистикалық зымыран берді деп айыптаған болатын. Иран өз кезегінде барлық мәлімдемені теріске шығарды. "Блокадада отырған мемлекетке біз қалай қару жеткіземіз? Біз Хаути басқыншыларына зымыран берген жоқпыз. Егер, біздің қару тасымалдағанымыз рас болса, ол Сауд Арабиясының әлсіздігін көрсетеді", -деді генерал.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті