Жұма күні Малиде болған қос шабуылдан БҰҰ-ның өңірде бейбітшілік миссиясымен жүрген 4 қызметкері қаза тапты. БҰҰ әскері мен арнайы өкілдері мұнда өңір тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2013 жылы жіберілген болатын. Қаза тапқан қызметкерлердің ұлты мен азаматтығы туралы ақпарат берілген жоқ. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Нигер және Буркино Фасомен шекаралас мемлекетте Ислам әскери топтары Малидің жергілікті күштері мен халықаралық қызметкерлерге жиі шабуылдар ұйымдастырады. Осы уақытқа БҰҰ осы аумақта өзінің 146 өкілін жоғалтқан.
Шабуыл құрбандары жергілікті халыққа алғашқы көмек көрсету, оларды қорғау, өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету миссияларын орындаумен айналысқан. Қаза тапқандардан бөлек, тағы 15 адамның жараланғаны туралы ақпарат бар.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр