2017 жылы биткоин бағасы 960 доллардан 8 мың долларға дейін қымбаттады. Тиісінше биткоин қолданушылар айтарлықтай мол қаражат тапқаны белгілі. Жалпы биткоин ұстаушылардың көпшілігі жасырын тұлға ретінде қалады, ал кейбірі биткоин қолданушысы екенін өздері айтады. Ендеше биткоин арқылы табысқа жеткен азаматтар туралы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.

Егіз Уинклвосстер

Егіз Тай­ле­р және Кэме­рон Уин­кл­вос­с туралы сіз естімеген болуыңыз мүмкін. Олар Facebook компаниясында өздерінің үлестері болғанын дәлелдегісі келген. Бұл туралы "Әлеуметтік желі" фильмінде суреттелген. Осыдан кейін олардың жаңа бастамалары криптовалюта болды. Екеуі бит­ко­ин-ETF-ға тіркелмек болған. Олардың 2013 жылы биткоинда салған салымдары 11 млн доллады құраған. Бұл кезде Уин­кл­вос­стер жалпы айналымдағы криптовалютаның 1 пайызына иелік еткен. Ал қазір екеуінің биткоиндағы қаржысы 21 есеге өсіп, 231 млн долларды құрап отыр.

Барри Силберт

Сил­берт, вен­чур­лы капиталист және Digital Currency Group компаниясының негізін қалаушы. Ол 2014 жылы АҚШ-тың Маршал қызметі ұйымдастырған аукционда 48 мың битокинді сатып алады. Бұл кезде бір криптавалютаның бірлігі 350 доллар болған, ал одан бері Сильберстің үлесі шамамен 16 есеге - 16,8 миллионнан 268,8 миллион долларға дейін өскен.

Тим Дрейпер, миллиардер және венчурлы капиталист 

Тим Дрейпер. Фото: insider.pro

Дрей­пер миллиардер әрі венчурлы капиталист, ол Skype-тағы  инвестициялардың біраз бөлігі арқылы табыс тапқан. Ол 2014 жылы үкіметтік аукционда 30 мың биткоин сатып алады. Сол кезде ол сатып алған биткоинның жалпы құны 19 миллион долларды құрайды, ал қазір оның құны шамамен 171 миллион доллар.

Чарли Шрем, биткоин сатып алуға алғаш қатысушылардың бірі

Шрем осы жолда қиындыққа тап болған адам. Кәсіпкер биткоин табынушыларының бірі және Bitcoin Foundation мүшесі. Алайда компания басшыларының бірнешеуі тергеуге алынады.  Ал Шрем болса "қаражат жымқырды" деген айыппен екі жылға бас бостандығынан айрылады. Қазір ол криптотехнологиялық инвестицияларға арналған стартаппен нарыққа қайта оралды. Алайда оның қанша биткоины бар екені белгілі болмаса да, электронды қаржысы бірнеше миллион долларды құрайтыны анық.

Тони Галлиппи, топ-менеджер 

Тони Галлиппи. Фото: insider.pro

Гал­лип­пи - Bitpay криптовалюта компаниясының басқарма басшысы және құрылтайшысы. Ол да  битокиннің ірі иегерлерінің бірі болып есептеледі. Галлип­пи өзінің инвестиция көлемі қанша екенін ашып айтпайды, бірақ оның қолындағы биткоинның құны шамамен 20 миллион долларға бағаланды.

Сатоси Накамото, биткоин идеясының авторы 

Накамотоны криптовалюта идеясының жұмбақ авторы деуге болады. 2009 жылы ол криптовалютаның жұмыс істеу механизмін сипаттайтын мақаласын жариялады, алайда кейінірек ол туралы нақты ақпарат болмаған, тіпті оның шын есімі кім екені де әлі күнге белгісіз. Біз Накамотоның кім екенін білмесек те, оның көптеген биткоины бар екені анық. Себебі 2013 жылы битокинды енгізушілердің бірі Накамотода шамамен 1 миллион биткоин болуы мүмкін дегенді айтқан.

“The Qazaq Times”