Солтүстік Корея 15 шабуыл нысанын жоспарға алып отыр, олардың арасында астаналар мен үкімет ғимараттары да бар деп мәлімдеді ЕО-ның Сыртқы байланыстар комиссиясы жариялаған жаңа есепте. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты хабарлады.
Солтүстік Кореяның ең жоғары басшысы Ким Жоң Унның «зымыран шабуылын жасаймын» деп қорқытуының астарында, оның нысанаға алып отырған жоспарлары да әшкереленгенін айтады аталған есепте. Ұлыбританияның «Daily Mail» басылымы да КХДР басшысының кейбір нысандарды анықтап, зымыран шабуылын жасауды жоспарлап отырғанын жазған.
Бұл хабардағы мәліметтерге сенсек, Солтүстік Кореяның зымыран шабуыл нысанасында Пентагон, Ақ үй, Манхэттен, Гуам, Сеул, Бусан, Окинава, Токио, Киото қатарлы үкімет ғимараттары мен қалалар бар.
Дегенмен, бұл мәліметтердің дұрыстығы толық дәлелденбесе керек. Жақында ғана Корей түбегіндегі жаңа дипломатиялық өзгерістер болып, тараптардың келіссөз жүргізуінен аз болса да үміт шырағы жанған болатын. Дегенмен, Солтүстік Кореяның келесі қадамын анық болжап айту қиын.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді