Мысырда Президенті Абдул Фатах әл-Сиси Солтүстік Синайдағы жұма намазы кезінде мұсылмандарға жасалған шабуылға кінәлілердің жазасын тартқызуға уәде берді. Бир әл Абед қаласында орналасқан әл-Равда мешітін терроршылар бомбылап, сыртқа қашқан мұсылмандардың үстінен оқ жаудырған. Нәтижесінде, 300 бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Мысырды дүр сілкіндірген террактіні әлі бірде бір лаңкестік ұйым мен экстремистік топ мойнына алған жоқ. Египеттің бірнеше жылдан бері Синай жарты аралындағы Ислам топтарымен күресіп келе жатқаны белгілі. Сонымен қатар "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы бұл өңірде христиан шіркеулері мен қоғамдық орындарда жарылыстарды жиі ұйымдастырып келген болатын.
Терроршылар мешітті қоршап, ғимаратты бомбылағаннан кейін, сыртқа жан сауғалап шыққан тұрғындарды бірінен соң бірін атқан. Қаза тапқан азаматтардың қатарында 30 бүлдіршін де бар. Сондай-ақ, жүзге жуық адамның ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгені туралы хабар тарады.
Египетте болған қайғылы оқиғаға байланысты үш күн аза тұту уақыты болып жарияланды. Мысырдың Президенті Абдул Фатах әл-Сиси "Бұл біздің терроризмге қарсы күресімізді тоқтату үшін жасалған шара. Египет әскері террактіге жауап беру үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды", - деді. Жұма күні террористердің қару-жарақтары орналастырылған орындары әскери әуе күштерімен бомбыланды.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы