Жапонияның Акита ауданында, жергілікті уақыт бойынша 23 қараша күні кеште, жағалаудан белгісіз елдің 8 азаматы ұсталған. Олар жағалауда ағаш қайықтарымен табылған. Алғашқы берген жауаптарына қарағанда Солтүстік Кореядан келген болып шықты. Жергілікті полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты жазды.

Кеше Гонконгтың «Шығыс желісі» сайты Жапонияның «Асахи Шимбун» және басқа БАҚ-тарға сілтеме жасай отырып таратқан хабарында, полиция жақ жергілікті уақыт 23:20 шамасында белгісіз адамдар туралы мәліметті тапсырып алған. Онда кемелерге жүк тиейтін орында белгісіз адамдардың жүргені айтылған. Полицейлер аталған орыннан сегіз адамды тапқан, оған қоса, жағалауға жақын маңда 20 метр шамасында ағаш қайық та табылған. Олар теңізден осы ағаш қайықпен жүзіп өткендерін айтқан.

Алғашқы сараптау бойынша бейтаныс адамдар толықтай сау денелі, психикалық ауытқулары жоқ адамдар екені анықталды. Дегенмен, олар жапон тілін түсінбейді. Сөйлеу мәнеріне қарағанда солтүстік кәріс тіліне ұқсайды.  Полиция оларды Ливиджуан полициясының қорғауына алды және Солтүстік Кореядан келетіндіктен Сендейдің иммиграциялық бюросының аудармашыларын тергеуге қатыстырды. Қазіргі кезде тергеу жалғасуда.

“The Qazaq Times”