Осы жылдың қазан айының қорытындысы бойынша Қазақстанда күміс мөлшері 1 грамм болатын әшекейлердің орташа бағасы 1369 теңге болған. Осылайша күміс бір айда 1%-ға, бір жылда 7%-ға қымбат болып отыр.
Еnergyprom.kz сараптама агенттігінің мәліметінше, күміс әшекейлер ең қымбат тұратын өңір Атырау (грамы 1876 тг, бір жылдағы өсім +19,2%) және Алматы (1785, өсім +3,5%).
Ал алтын бұйымдар грамы бойынша бір жыл ішінде 9,6%-ға, 14,9 теңгеге дейін қымбаттаған. Ірі қалалар мен мегаполистер арасында алтын зергерлік бұйымдар Астана қаласында өте қымбат - мұнда бір грамм үшін 23,7 мың теңге төлеуге тура келеді немесе баға жылына 19,7%-ға өскен. Көкшетауда бір жылда бір грамм үшін баға 22,1%-ға, 6,5 мың теңгеге дейін көтерілген.
Бұдан бөлек, өңделмеген күміс шығару жылына 2,4%-ға азайып, көрсеткіш 10 айдың ішінде 870,9 тоннаға дейін төмендеген. Негізгі өндіруші өңірлер - Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
Ал өңделмеген алтынды шығару керісінше, 15,9%-ға, 70,2 тоннаға дейін көбейген. Қазақстандығы "алтын" өңірлер - Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары.












                                                        





                                        Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
                                    
                                        Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
                                    
                                        Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
                                    
                                        Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
                                    
                                        ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
                                    
                                        Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?