Зимбабвенің бұрынғы Премьер-министрі Эммерсон Мнангагва жұма күні мемлекет басшысы болып тағайындалады. Ол араға екі апта салып, елге оралғаннан кейінгі алғашқы мәлімдемесінде елдегі 90 пайызға жуық жұмыссыздықпен күресуді күн тәртібіндегі бірінші кезектегі мәселе есебінде қарастыратынын жеткізді.
Zanu-PF партиясында өзінің қолдаушыларымен кездесу барысында Эммерсон Мнангагва өз өміріне бірнеше рет қауіп төнгенін айтып, әскери басшыларға Роберт Мугабенің билігін бейбіт түрде тоқтатқаны үшін алғыс білдірді. Партия өкілдерінің айтуынша, 71 жастағы Эммерсон Мнангагва Роберт Мугабенің аяқталмай қалған Президенттік мерзімін 2018 жылдың қыркүйегінде жаңа сайлау болғанша жалғастырады.
Жаңа Президенттің 20 минутқа созылған сөзі барынша жарқын болашаққа сенім мен үміт тудыратын мәтінге толы болды. Көп сарапшылар оның билікке келуімен Зимбабведегі экономикаоық-әлеуметтік дағдарыстың аяқталарына сенбейді. Ол 1980 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін, Зимбабведе болға қанды қақтығыс кезінде көп бейбіт тұрғынның қазасына куә болған азаматтардың бірі. Сол тұста мемлекеттің Ұлттық қауіпсіздік қызметіне жауапты басшы болған Эммерсон Мнангагва өзінің қолы қанға бөккенін мойындаған емес.
Зимбабве халқы мен мемлекеттік қызметкерлер Роберт Мугабенің билігі аяқталғанын қуана қабылдады. Бұрынғы сөздерінде өзін тек Құдай ғана биліктен алыстата алатындығын айтқан Роберт Мугабенің дәуірі біткені жергілікті халықтың көңіліне келер күнге деген сенім сыйлады.