Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Оңтүстік Кореяға ресми іс-сапармен барды.
Бүгін қараша айының 22-сі күні Шавкат Мирзиеев Оңтүстік Кореяға ресми іс-сапарын бастады. Іс-сапар барысында Мирзиеев Оңтүстік Корея басышысы Мун Чжэ Инмен екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржы-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және саяси-мемлекетаралық салаларды дамыту жайында келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.
Бұдан бөлек Шавкат Мирзиеев Өзбекстан-Оңтүстік Корея бизнес форумына қатысып, ел премьер-министрімен кездеседі деп жоспарлануда.