Ресей басшысы Владимир Путин Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбековпен бірігіп жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді – деп хабарлайды Қырғызстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі.
Қырғыз президент әкімшілігі таратқан мәлімет бойынша, қараша айының 16-ы күні Ресей басшысы Владимир Путин Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековты туған күнімен құттықтаған. Ол Жээнбековқа жіберген құттықтау хатында: «Сіздің Қырғызстан халқы арасында беделіңіз зор. Бұған айқын дәлел президент сайлауында жеңіске жетуіңіз. Алдағы уақытта біз сізбен келіссөздер жүргізіп, бірігіп жұмыс істеп, стратегиялық әріптестігімізді одан ары дамытуға дайынбыз» деген.
Естеріңізге салайық, бүгін Қырғызстанның жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков 59 жасқа толды. Ол 1958 жылы қараша айының 16-ы күні Ош облысы Қара-Құлжа ауданында дүниеге келген.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?