Ақмола облысының Ақкөл ауданында "WAKE UP 2017" форумы аясында «Сара Назарбаева атындағы табиғи парк» жобасының таныстырылымы өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникация қызметі.
"Жобаның мақсаты - Ақкөл ауданында биосфералық резерват құру. Яғни бұл биологиялық ресурстарды белсенді пайдалану және бірегей экожүйелерді сақтау арасында баланс құру. Табиғи парк - туристік қызмет көрсетуге бағытталған іскерлік жобаларды дамыту арқылы жергілікті тұрғындарды аймақтың бірегей табиғи ресурстарын сақтауға бейімдеу құралы болады. Бұдан бөлек біз отбасылық демалыс шараларына басымдық береміз", - деді "Тұрақты даму" жер қорының президенті Алан Бесен.
Әзірге жоба Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалинге, одан кейін респуликалық деңгейде ұсынылатын болады. Жобаның қашан жүзеге асатыны және парктің қашан ашылатыны кейін белгілі болады.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?