Түркия Ақ үйдің бұрынғы көмекшісі Майкл Флинге Фетхуллах Гюленді АҚШ-тан Түркияға жеткізіп беруді ұсынып, егер аталған ойды сәтті жүзеге асырса, 15 млн доллар көлемінде сыйақы беруге уәде еткен. NBC News және Wall Street Journal бірлесіп дайындаған есебінде АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Майкл Флин мен оның ұлы Түркия мемлекетінің өкілдерімен кездесіп, жоғарыда аталған келісім ұсынылған болуы мүмкін деген болжам айтады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Аталған болжамды алғаш рет наурыз айында Орталық Барлау басқармасының бұрынғы басшысы Джеймс Вулси айтқан. Wall Street Journal өзі ұсынған айыптауларға негіз ретінде желтоқсан айының ортасында Майкл Флин мен Түркияның ресми тұлғалары арасында Нью-Йоркте өткен кездесуді алып отыр. Баяндамада берілген нұсқа бойынша Майкл Флин Фетхуллах Гюленді жеке ұшақта Түркиядағы Имралы аралында орналасқан түрмеге жеткізу қажет болған.
Фетхуллах Гюлен - Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның ең үлкен қарсыластарының бірі саналады. Түркия билігі оны елде болған мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынысқа кінәлі деп есептейді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы