Көкшетаудан шыққан алғашқы контейнерлік пойыз жақында ғана ашылған Баку-Тбилиси-Карс темір жолы арқылы Түкрияның Мерси қаласына барды.
Көкшетаудан 20 футтық контейнерлерге тиелген астық Каспий теңізі жағалауындағы Алят порты арқылы жақында ғана ашылған Баку-Тбилиси-Карс темір жолын басып өтіп, он күн ішінде Түркияның Мерси қаласына жеткізілген. Тасымалдау барысында қазақстандық кең табанды рельстерге арналған вагондар Грузия мен Түркия шекарасында жаңадан салынған Ахалкалаки-Карс бекетінде тар табанды рельстерге арналған вагондарға алмастырылған. Көкшетаудан Месри қаласына дейінгі қашықтық 5435 шақырымды құраған. Жүк тасымалын «Қазақстан темір жолы» компаниясының филиалы «KTZ Express» еншілес компаниясы жүзеге асырған.
«KTZ Express» компаниясының контейнерлік тасымалдау департаментінің басшысы Алмат Кәрімовтың сөзінше, жаңадан ашылған Баку-Тбилиси-Карс темір жол торабының жылдық жүк тасымалдау әлеуеті 10 миллион тонна. Жақын уақытта Қазақстан дәл осы жол арқылы Түркияға, одан ары Еуропаға келесі жүк кезегін жөнелтпек.
Естеріңізге салайық, Баку-Тбилиси-Карс темір жолы қазан айының 30-ы күні ашылған. Оған Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Грузия басшысы Георгий Маргвелашвили және Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев қатысқан болатын.