Оңтүстік Кореялық Samsung компаниясы мынандай байлам жасаған: Galaxy Note 7 смартфондарының кейбірінің күйіп кетуіне батериялары себепкер. Бұл туралы The Wall Street Journal мәлімдеді.
Galaxy Note 7 – Samsung компаниясы 2016 жылдың тамыз айынан бастап сатылымға шығарған смартфон-фаблет. Кейіннен ғана 100 шақты смартфонның өздігінен қызып кететіндігі анықталған. (Егер смартфондар қатты қызатын болса, жарылып кетуі мүмкін.) компания 2,5 миллион смартфондарды тәркілегеннен кейін, ғалымдар тобы зерттеу жұмыстарын бастады. Анықталғандай, аталмыш проблема компанияның жаңа өнімінде де бар болып шықты.
Ресми зерттеу жұмыстарына АҚШ пен Оңтүстік Корея мамандары жұмылдырылды. Сондай-ақ, Samsung тәуелсіз техникалық экспертиза тағайындады. Белгілі болғандай, ақауы бар қуаттағыштарды тек Samsung SDI Co ғана емес, Гонконгтағы Amperex Technologу компаниясы да шығарып отырған.
Зерттеушілердің айтуынша, смартфондардың тез қызып кетуі – ақауы бар қуаттағыштардың стандартқа сай көлемде болмауынан болған.
Дербес зерттеу жұмыстарының толық нәтижесі тек 23 қаңтар күні жарияланатын болады.
“The Qazaq Times”