Ирактың Жоғарғы Соты тәуелсіздік алуды көздеген Күрдістан автономиясына қатысты өз үкімін шығарды. Оның шешімінде Ирак Конституциясына сәйкес, мемлекет құрамына кіретін кез келген өңірдің орталық үкіметтен бөлінуіне тыйым салынатындығы айтылған. Құжатта "Ирактың тұтастығын қолдайтын Сот үкімі қайта қарауға не өзгертуге жатпайды", -делінген. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агенттігі жазды.
Ирактың Премьер-министрі Хайдер әл-Абади барлық тараптарды Сот шешімін қатаң сақтауға шақырды. 25 қыркүйек күні референдум өткізіп, Ирактан іргесін аулақ салуды мақсат тұтқан Күрдістан автономиясы небәрі 1 айдың ішінде өзі иеленіп отырған территорияның 40 пайызын жоғалтты. 2014 жылы ирак әскері "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының күштерінен шегініп, терроршылар қолында қалдырып кеткен мұнайға бай Киркук қаласын босатып алған күрдтер референдумға байланысты даудан кейін аталған шаһардан тағы да қол үзіп қалды. Ирак әскері аз күннің ішінде күшпен көп аумақты өзінің қол астына қайтарып алды.
Референдумға қатысқан халықтың 92 пайызы тәуелсіздікті қолдап дауыс бергенімен, Орталық үкіметпен ортақ келісімге келе алмау және шет мемлекеттердің "Бұл жағдай Ирактың "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымына қарсы күресіне зардабын тигізеді" деген қысымынан кейін Күрдістан автономиясының қадамдары бәсеңдеп қалды.
Күрдістанның өңірлік үкіметі 2018 жылға арналған бюджетте аймаққа бөлінетін қаржының қысқарғанына наразылық танытып, Орталық Үкіметке арыз жолдады. Осыған дейін Ирак Конституцияның 3 бөлім, 121-бабын бұзғаны үшін Күрдістанның келер жылға арналған бюджетін 17 пайыздан 12,6 пайызға дейін қысқарту туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл - Күрдістанның мемлекеттен бөліну туралы идеясы үшін алған жазасы болмақ.

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр