Қараша айының 5-нен 6-сына қараған түні Бішкек қаласында «Ата Мекен» фракциясының депутаты Аида Салянованың інісі оққа ұшты - деп хабарлайды Knews ақпарат көзі.
Аида Салянованың қорғаушысы Ұлан Жұмақовтың сөзінше, Жоғары Кеңес депутатының інісі Ұлан Саляновқа түнгі сағат 3:00 шамасында бетперде киген белгісіз бір топ адам шабуыл жасаған. Салдарынан Ұлан Салянов оқиға орынында көз жұмып, оның ұлы Абайды шабуылдаушылар белгісіз бағытта алып кеткен. Бірақ кейіннен БАҚ беттерінде Ұлан Саляновтың ұлы табылғандығы жайында ақпарат тараған.
Әзірге аталмыш оқиғаға байланысты Жоғары Кеңес депутаты Аида Салянованың өзі ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған. Бірақ қырғызстандық БАҚ өкілдері Ұлан Саляновтың өлімі Аида Салянованың қызметімен байланысты деген ақпарат таратуда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?