Алмазбек Атамбаев Талас облысы халқынан кешірім сұрамайды – деп мәлімдеді Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Алмаз Үсенов.
Оның сөзінше, президент сайлауынан бері бейбіт шерулер өткізіп жүрген Талас халықының артында «Республика Ата-Жұрт» партиясы тұр. Алмаз Үсенов журналистер алдында сөйлеген сөзінде: «Бабанов жақтастары ұйымдастырған шеруге қатысушылар Алмазбек Атамбаевтың «Манас» жырынан үзінді оқығанын тыңдамай үлкен қателік жасады. Мысала мұсылмандар үшін Құран қасиетті кітап. Егер имам халық алдына шығып Құран оқып, оны ешкім тыңдамаса, онда оларды құдайсыздар деп атар еді. Сол сияқты Алмазбек Атамбаев та «Манас» жырын тыңдамаған Талас халқын жаулап алушы Әбіке мен Кобош ұрпақтары деп атады. Ел президентінің бұл сөзі дұрыс айтылған. Бабанов жақтастары өз көзқарасын өзгертіп, бұл жағдайдан дұрыс шешім шығарулары керек» - деген.
Естеріңізге салайық, қазан айының 18-і күні Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Талас облысы халқын қатаң сынға алған. Ол онда Талас халқын жаулап алушы Шыңғысхан ұрпақтары деп атаған болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды