АҚШ-тың Орта Шығыстағы белсенділігі Дональд Трамп тұсында әлсіреп тұрғаны анық. Иран ядролық келісімі туралы жаңа дау Трамп үкіметі мен Еуропаның да пікірін екі арнаға салды. Иран мәселесінде Уашингтон билігі өз дегенін толық жүзеге асыра алмай келеді.

Жақында ғана Иран СІМ өкілі Бахрам Хасми мәлімдеме жасап, өткен айдағы БҰҰ жоғары кеңесі кезінде Трамп Иран президенті Хасан Руханимен кездесіп пікірлесуді талап еткенін мәлімдеді. Бұл сол кезде ақпарат құралдарынан құпия ұсталған. Дегенмен, Рухани бұл ұсынысқа тойтарыс берген. Бұл туралы бүгін «Шинхуа» агенттігінің ресми сайты жазды.

Хасми сөзінде: «АҚШ тарабы екі жақты келіссөз жүргізу талабын қойған еді. Бірақ, президент Рухани бұдан бас тартты», – деді. Осылайша, Трамп пен Рухани БҰҰ Бас Ассамблеясында кездескен жоқ. 13 қазан күні Уашингтон тарабы Иранға қаратқан жаңа саясатын жария етті. Бұл АҚШ үкіметінің Иранның саяси ұстанымын шектеу үшін жасаған жаңа бағыты деуге болады. Онда Иранның ядролық мәселесі бойынша алты жақты келісімді бүтіндей терістемегенімен, «Ислам революциялық гвардиясына» қарсы санкцияларды қамтитын нақты шаралар кешенін ұсынды. Бұл Парламентте қаралып, жаңа заң ережемен бекітілді.

Бұл шарадан кейін Рухани пікір білдіріп: «Иран ядролық келісімі – халықаралық келісім. Сондықтан оны АҚШ-тың біржақты өзгертуіне де, жоққа шығаруына да құқығы жоқ», – деген. Ол тағы: «Иран келісіміне құрмет етіп, Иран мүддесі қарастырылмаған соң да,  біз күткен жауабын бере алмаймыз» деген болатын. Бұл саяси жауаптасулар Иран мен Құрама Штат арасындағы қатынасты барған сайын салқындатып отыр.

“The Qazaq Times”