АҚШ-тағы Президент сайлауы кезінде Ресейдің қатысымен Facebook-та жарияланған посттарды 126 млн адам оқыған. Осындай ақпарат таратқан Facebook компаниясы Ресеймен байланысы анықталған азаматтардың 2016 жылғы АҚШ-тағы Президент сайлауына дейінгі және одан кейінгі уақытта 80 мыңға жуық пост жарияланғанын анықтады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
Әлеуметтік желіден табылған 80 мың пост 2015 жылдың маусымы мен 2017 жылдың тамыз айлары аралығында Кремльге жақын Ресей компанияларының атынан жарияланған. Олардың басым бөлігі әлеуметтік және саяси іріткі салуға бағытталған.
Ресей осыған дейін де АҚШ-тағы Президент сайлауына қатысы жоқтығын айтқан еді. Дональд Трамп та Мәскеумен байланысы барын жоққа шығарып келді. Америкадағы Президент сайлауы бойынша тәуелсіз зерттеу жүргізген Роберт Мюллердің бастамасымен Дональд Трамптың сайлау кампаниясына көмектескен екі азаматқа айып тағылды. АҚШ-тың қазіргі Президентінің жақын көмекшілерінің тағы бірі осы дүйсенбі күні осыдан бұрын жалған мәлімет бергенін жариялап, кінәсін мойындады. Оның осыған дейін Ресейге қатысы бар тұлғалармен кездескені анықталған болатын. Ол бұл кездесулерінің жеке мақсатта әрі Дональд Трамптың жұмыс тобына қосылмай тұрып болғанын айтқан еді. Ал енді Президенттің бұрынғы көмекшісі кездесулердің Дональд Трамптың сайлау алды кампаниясы кезінде болғанын мәлімдеген.


















Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер
Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?