Жексенбі күні Каталонияда жүз мыңдаған адамның қатысуымен болған халық шеруі басқа өңірлердегі испаниялықтардың бірлігін көрсетіп, өткен жұмада Каталония жергілікті билігінің біржақты жариялаған тәуелсіздігіне қарсылығын білдірді. Бұл туралы танымал «WSJ» басылымы хабарлайды.
Жүз мыңнан асқан ереуілшілердің шарасы Каталонияның орталық қаласы Барселонада өтті. Осы айдың басында Каталония билігі Испаниядан тәуелсіз ел болуға әрекет жасаған еді. Тәуелсіздік жөнінде референдум да өткізген.
Шеруді ұйымдастырушылардың мәліметіне қарағанда шараға 130 мың адам қатысқан. Оның ішінде Барселона қаласының полиция қызметкерлерінен 30 мыңға жуық адам бар.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айының басында өткен Каталония тәуелсіздігі жөніндегі референдум кезінде, каталониялықтардың 43 пайызы қатысып, оның 90 пайызы тәуелсіздікті қолдап дауыс берген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?